
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.
Космомониторинг деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының 40%-ы қар астында. Облыстың оңтүстік өңірлерінде қар жоқ.
Самарқанд су қоймасынан 20 м3/сек дейін су ағызу жалғасуда. Ынтымақ су қоймасы 8 м3/с көлемінде су жіберу жалғасуда. Шерубай-Нұра су қоймасынан су жіберіліп жатқан жоқ.
11 наурыздан бастап облыс бойынша Нұра өзендерінде (Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті, Петровка ауылы, Жастілек, Первое Мая, Абай ауданы,Самар су торабы), Есен (Абай ауданы, Есенгелді ауылы), Жарлы (Қарқаралы ауданы, Тегісшілік ауылы), Сабыр-Қожа (Осакаров ауданы Николаевка ауылы), Қарасор көлі бойынша темір жол бойындағы 70 км өзенінде және Саумалкөл-Бүркітті т/ж, жалпы 4475 м2 ауданда 13 жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Барлық маңызы бар автожолдарда су өткізу құбырлары мен сақиналарды тазалау аяқталады.
Қарағанды облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша