Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының экс-әкімі Мейрам Қожухов жаңа қызметке келді. Ол қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кадрлық өзгерістер туралы жиын барысында мәлімдеді.

– Менің өкіміммен Мейрам Қожухов Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жұмысқа кірісті, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мейрам Қожухов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік пен жолдар саласын қадағалайтын болады.