Қарағандылық студенттердің стартапы әлемнің топ-48 экологиялық жобаларының қатарына енді

Қарағандылық студенттердің стартапы әлемнің топ-48 экологиялық жобаларының қатарына енді

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті студенттерінің RePlast стартапы жыл сайынғы Race to Rethink Plastic by Enactus байқауында топ-48 үздік халықаралық жобалардың қатарына кірді. Биыл 15 елден жиналған 77 команда пластикалық қалдықтар мәселесін шешті.

Қарағанды стартапы 2020 жылы іске қосылды. Дәл сол кезде еліміздің барлық жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

– Біздің қаламызда көшедегі қоқыспен, соның ішінде пластикпен байланысты проблема бар. Бұл мәселеге бей-жай қарамайтын жастар аталмыш жағдайды шешу керектігін түсінді, – дейді ҚарУ Экономика және Халықаралық бизнес кафедрасының меңгерушісі Жәнібек Жартай. – Алдымен балалар көшеде пластик жинап, қоқыс өңдеу пункттеріне тапсырды. Бірақ бұл мадымсыз жүмыс және тиімді емес сияқты көрінді. Содан кейін олар ЖОО-на ұсыныс жасап, университет пластикті өңдеуге және балқытуға арналған жабдықты – шредер мен инжектор сатып алды. Осылайша жоба іске қосылды. Оны жүзеге асыру барысында екі мыңнан астам пластикалық бөтелкелер жиналды.

RePlast-тің мәні – қалдықтарды жинау, сұрыптау, тазарту, ұнтақтау, балқыту және қайта өңдеу. Соңында стартаперлер PlastNet кәсіпорындарының ctnb-ге арналған шынаяқ ұстағыштарды алады. Алдағы 2-3 айда имидждік өнімдер – брелоктар, шаңышқылар мен қасықтар өндірісі басталады. Үстелшелер мен орындықтарды құю үшін жиһаз элементтерін өндіруге арналған пресс-үстел сатып алуды жоспарлап отыр.

Әзірге жоба командасы 13 адамнан тұрады. Оған негізінен экономика факультетінің студенттері, сондай-ақ математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері қатысады. Көп ұзамай эковолонтерлер қатарын толықтырады, ол үшін конкурс жарияланды.

– Біздің түпкі мақсатымыз – өңіріміздің қоршаған ортасы мен экологиясын сақтау. Сонымен қатар, ірі көлемде жинау және сұрыптау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаға мектептер мен басқа да жоғары оқу орындарын тартқымыз келеді. Әрине, әлемдік сайыстың топ–25-не кіру керек, – деп бөлісті Жәнібек Жартай.