
Қарағандыда 4 сәуірден бастап қоғамдық көліктерде жеңілдетілген қағаз және әлеуметтік жол жүру билеттерінің қолданысы тоқтатылады.
"4 сәуірден бастап қалалық қоғамдық көлікте 50 теңге көлемінде қосымша төлеммен жүруге құқық беретін тұрақты жеңілдікті жол жүру билеттері және қағаз билеттер барлық түрдегі (жасыл, көк, сары және күлгін түсті) әлеуметтік жол жүру билеттері жарамсыз болады. 4 сәуірден бастап қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру тек ONAY! көлік карталарымен немесе қолма-қол ақшамен төленеді", – деп хабарлады қалалық әкімдікте.