
К. С. Станиславский атындағы театр сахнасында 31 наурыз күні сағат 17:00-де Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 70 жылдығына және халық аспаптары кафедрасының қыл қобыз сыныбының 30 жылдығына арналған педагог Жаңкаш Жұмабеков пен оның шәкірттерінің «Мәңгілік сарым» концерт-кеші өтеді.

Музыка кешінің қонақтары – Қазыбек Әдікей, Алданыш Адамбеков, Ықылас Алдияр болады.
Сондай-ақ Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, ансамбльдер, дуэттер мен квартеттер өнер көрсетеді.
Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев, халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағынбаев.
Қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Билеттерді К. С. Станиславский театрының кассасынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 30-12-04, 8-707-638-19-49.