
"Алтын ғасыр" галереясы танымал адамдарға жаңаша көзқараспен қарауға және жылы жүзбен күлімдеуге шақырады. Халықаралық күлкі күні, 1 сәуір, сағат 16:00-де "Үш патша" атты шарждар көрмесі ашылады. Көрменің бастамашысы ҚР Сәулетшілер одағының және дизайнерлер Одағының мүшесі Владимир Троценко болды.

Экспозицияға үш суретші – Константин Куксо, Петр Кишкис және "Монарбат" шығармашылық студиясының негізін қалаушы Қайрат Кэй-Кэй қатысады.

Келушілер танымал актёрлердің, спортшылардың, суретшілердің достық шарждарын тамашалай алады.

Қайрат Кэй-Кэйдің сатиралық суреттері ол кездестірген атақты адамдарға арналған. Мұнда актёрлер Ален Делон, Жерар Депардье, Армен Джигарханян және боксшы Геннадий Головкиннің портреттері болады.

Монументалист және суретші, Суретшілер Одағының мүшесі Пётр Кишкис көпшілік үшін белгісіз басқа қырынан көрінеді. Суретші шеберханадағы әріптестеріне шарж салатыны белгілі болды. Сонымен қатар, ол мұны әңгіме барысында жеңіл эскиздермен жасайды.

Мәскеу суретшісі Константин Куксо – бұл жанрдың классигі. Ол кеңестік кино актерлеріне арналған екі кітап шығарды. Адамдарға қарап, олардың суреттерін көп салған. 15–20 минут ішінде шарж жазған.

Экспозиция 14 сәуірге дейін жалғасады.

Көрмеге кіру тегін.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.