
Қарағандының Достық үйінде 1 сәуір Күлкі күнінде сатирик Мартбек Тоқмырза атындағы облыстық әзіл-сықақ фестивалі өтеді. Басталуы 17:00. Кіру тегін.
Фестивальді ұйымдастырушы – мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Іс-шараға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының мәдениет бөлімдері, аудандық мәдениет үйлері, мәдени-ойын-сауық орталықтары, ЖОО мен колледж ұжымдары қатысады.