Қарағандылық жас теннисші қоржынына Қазақстан чемпионатының төрт алтын медалін жинады

Қарағандылық жас теннисші қоржынына Қазақстан чемпионатының төрт алтын медалін жинады

Алматыда үстел теннисінен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшы Виктория Мочалкина үздік өнер көрсетті. Он үш жасар спортшы төрт алтын медаль жеңіп алды: командалық, жеке, жұптық және аралас сынақтарда.

Қарағанды үстел теннисі мектебінің басқа өкілдері де жоғары деңгейде болды.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев те үш алтын, бір күміс жеңіп, көзге түсті.

Дарья Фу жоғары сынамалы екі марапатқа ие болды, Альбина Жақсылықова жеке және жұптық разрядта қола алды, Дарья Гамова – Полина Сиротина жұбы үшінші орын алып, құрмет тұғырына көтерілді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша