Қарағанды NIS оқушысы Халықаралық Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

Қарағанды NIS оқушысы Халықаралық Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

Қарағандының NIS 12-сынып оқушысы Рахым Баймурзин Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық онлайн олимпиадасының (АТМО) алтын медалін жеңіп алды. Жеңіс оқушыларға ел құрамасына кіруге және Халықаралық математикалық олимпиадада республиканы таныстыруға мүмкіндік береді.

– Мен Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасына бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Өткен жылы күміс алдым. Биыл мен көптен күткен алғашқы алтын медальды жеңіп алдым. Егер олимпиада дәстүрлі форматта өтсе, одан да жақсы болар еді, бірақ мен бәрібір ризамын, – деп бөлісті Рахым.

Болашақта Рахым өз өмірін нақты ғылымдармен байланыстырғысы келеді. Бірақ ол қай университетке түскісі келетінін әлі шешпеген.

Биылғы жылы зияткерлік жарысқа еліміздің әр өңірінен 131 оқушы қатысты. Олимпиадаға әлемнің 38 елінен жүздеген оқушы қатысты. Олардың ішінде Жапония, Австралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Оңтүстік Корея, Түркия және басқалары бар.