
Табиғат пен ресурстарға ұқыпты және жауапты қарау белгісі ретінде Қарағанды облысының әрбір тұрғыны "Жер Сағаты" халықаралық акциясына қатыса алады. Ол үшін 26 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлеріңіздегі, кеңселердегі, ұйымдардағы жарықты сөндіріп, ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын өшіру қажет.
Бұл шара алғаш рет 2007 жылы Австралияда ұйымдастырылды. Жыл сайын наурыздың соңғы сенбісінде жергілікті уақыт бойынша 20:30-да әлем бойынша екі миллиардтан астам адам шамдарды сөндіреді.
Мұның мақсаты – электр қуатын үнемдеу ғана емес, табиғи ресурстардың сарқылу проблемасына назар аудару.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тұрғындарды халықаралық экологиялық акцияға қатысуға шақырады және біздің әрқайсымыздың табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосуға, атап айтқанда электр энергиясын, суды үнемдеуге, қоқыс тастамауға, жануарларға көмектесуге мүмкіндігіміз бар екенін еске салады.