
Щучинск қаласында өткен биатлоннан юниорлар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында теміртаулық Владислав Киреев қудалау жарысында алтын медальға және жеке жарыс пен эстафетада екі қола медальға ие болды. Құрлықтық біріншілікте жеңіс үшін 100-ге жуық биатлоншы бақ таластырды.

Бұл 2023 жылы өтетін, 56 елден 800-ден астам спортшы жиналуы тиіс әлем чемпионаты алдындағы Қазақстан ұлттық құрамасының юниорлары үшін өте маңызды және тестілік жарыс болды.

Владислав Киреев – қысқы спорт түрлері бойынша облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі. Оны Раис Хайрутдинов жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы спортшы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы болды және жаңадан келген спортшы ретінде сәтті өнер көрсетті.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша