Қарағанды облысының сегіз тұрғынына медициналық сақтандыру есебінен иық буындары ауыстырылды

Қарағанды облысының сегіз тұрғынына медициналық сақтандыру есебінен иық буындары ауыстырылды

Өткен жылы Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері Қарағанды облысының сегіз тұрғынына иық буындарын ауыстырды. Мұндай ота қымбат медициналық қазметке жатады, әрбір пациент үшін медициналық сақтандыру қоры 1,2 млн теңгеден астам қаражат төлейді. Сақтандырылған пациенттер үшін ол тегін.

Екі жылдан астам уақыт бұрын Қарағанды клиникасында иық буынын эндопротездеу операциясы жүргізіле бастады. Хирургтар жаңа технологияны француз әріптестерінен үйренді. 

Иық буынын ауыстыру қажеттілігі ревматоидты және аутоиммунды аурулар аясында жарақаттанудан, деформацияланатын және қайталама артроздардан кейін пайда болуы мүмкін. Қарағанды қаласының тұрғыны Надежда Голубева екі иық буынына эндопротездеу операциясын жасатты. Бұған дейін 73 жастағы әйел үш жыл бойы ревматоидты артриттен туындаған қатты ауырсынудан зардап шеккен екен. 

– Ауырсыну қатты болды, екі иығым да ауырды. Мен тіпті стақан ұстай алмадым, ұйықтаудан қалдым. Қазір бәрі жақсы, – деді Надежда Голубева.

Иық буынын эндопротездеуден кейін қалпына келтіру процесі 4–6 аптаға созылады.  Оңалтудың бірінші кезеңі клиникада басталады, содан кейін пациент қалпына келтіру емін тіркелген жері бойынша емханада немесе оңалту орталығында өтеді.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша