
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің Бұқар Жырау ауданының тұрғындарымен кездесуі ауа райының қолайсыздығына байланысты 24 наурыздан 25 наурызға ауыстырылды.
Облыс басшысы тұрғындармен Ботақара кентінің мәдениет үйінде сағат 14:00-де кездеседі. Жеке қабылдау 16:00-де өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72154) 2-11-18 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: sa.ospanova@karaganda-region.gov.kz.