Президент төрт қарағандылыққа мемлекеттік наградаларды тапсырды

Президент төрт қарағандылыққа мемлекеттік наградаларды тапсырды

Наурыз мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы бірқатар қазақстандықтарды марапаттады. Мемлекеттік наградалар елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды құтқару және қорғау кезінде көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін берілді.

Марапатталғандардың ішінде төрт қарағандылық бар. "Құрмет" орденімен: Салауат Кентбек – Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ тарих факультетінің Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының доценті; Бақтияр Шамбұлаев – "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС қызметкері; кәсіпкер Серікжан Күнту; Данияр Халилин – Қарағанды облысының қоян-қолтық ұрыс федерациясының басшысы марапатталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесі қарсаңында мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әрбір отандасымыз Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосуда, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

– Біздің елімізде еңбексүйгіштік пен батылдық танытатын, соның ішінде қиын жағдайда жүрген азаматтар көп. Жақында болған күйзелістер кезінде көптеген қазақстандықтар тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға шақырды. Олар адамдарға көмектесу үшін өз өмірлерін қатерге тікті. Сын сағатта олар халықты қорғау үшін алға шықты және нағыз ерліктің үлгісін көрсетті. Бұл патриоттар өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады. Халық арасында "Ер – еңбегімен қадірлі" деп бекер айтылмаған. Наурыз қарсаңында біз өз еліміз үшін еңбек етіп жатқан адамдарға құрмет көрсетеміз, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Наурыз мерекесі құрметіне ерекше көзге түскен отандастарымызға құрмет көрсету игі дәстүрге айналатынына сенімді.

Фото Ақорда сайтынан