
Қарағандылықтарға дене шынықтыру және спорт басқармасы Наурыз мерекесін белсенді өткізуді ұсынады. 22 наурыз 13:00-де Қарағандының Орталық саябағында қала тұрғындары мен қонақтары үлкен спорттық бағдарламаға қатысады.

Басты сахнада карате, кикбоксинг, бокс, дзюдо, самбо және семсерлесумен айналысатын жас спортшылардың көрсетілімдері өтеді. Барлық тілек білдірушілер гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ бойынша жарыстарға қатыса алады.

Тазылар мен аңшылық құстардың көрмесі ұйымдастырылады, олармен суретке түсуге болады.

Мереке күндері Қарағанды облысының спорт ұйымдары қалалар мен аудандарда 184 іс-шара ұйымдастырады.