Қарағандылықтарға жұмыс орындары жәрмеңкесінде екі мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қарағандылықтарға жұмыс орындары жәрмеңкесінде екі мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

17 наурызда "Алтын Арба" сауда орталығында өткен бос жұмыс орындары мен лауазымдар жәрмеңкесінде екі мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Әлеуетті жұмыс берушілер ретінде Қарағандының 30-дан астам кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты.

Жәрмеңкені қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. Онда мамандар 287 жұмыс іздеушіге кеңес берді, олардың 67-сі жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Сондай-ақ, іс-шараға сұранысқа ие жұмыс мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстарда кәсіптік даярлаудың бес оқу орталығы қатысты.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілерге "Жастар тәжірибесі", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру" және т. б. жұмыспен қамту саласындағы жобалар туралы айтылды.