Бұқар Жырау ауданы тұрғындарының назарына!

Бұқар Жырау ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 24 наурызда Бұқар Жырау ауданына барады. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 14:00-де Ботақара кентінің мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау – сағат 16:00.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-72154) 2-11-18 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз: sa.ospanova@karaganda-region.gov.kz.