
Италияда паражүзуден әлем кубогында қазақстандық жүзушілер 18 медаль жеңіп алды, оның 10-ы – қарағандылықтар. Халықаралық біріншілікке 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан атынан жарысқа Ұлттық паралимпиада құрама командасының тоғыз спортшысы қатысты.

Қарағандылық жүзушілердің қорытындысы:
Андрей Афанасьев – екі алтын (100 м брасс, 100 м баттерфляй), екі күміс (50, 100 м еркін стиль);
Диас Кенжебек – қола (100 м төрт эстафета), күміс (100 м арқамен жүзу, жасөспірімдер арасында);
Наталья Звягинцева – алтын (100 м артқа), екі қола (100 м төрт эстафета, 50 м еркін стиль);
Сергей Кинов – қола (100 м төрт эстафета).
– Бұл биылғы жылы біздің спортшылар үшін алғашқы рейтингтік жарыс. Қазір жүзушілер әлем чемпионатына (маусым, Португалия) және Азия ойындарына (қазан, Қытай) қатысу үшін нормативтерді орындайды. Балалар алдағы ірі жарыстарға белсенді қатысады, – деді пара жүзу командасының бастығы Татьяна Богословская.

Спортшылардың барлық нәтижелері Халықаралық паралимпиада комитетінің (IPC) 2022 жылғы әлемдік рейтингіне енгізілетін болады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша