Қарағанды облысында Ashyq қосымшасына және әлеуметтік қашықтыққа қойылатын талаптар жеңілдетілді

Қарағанды облысында Ashyq қосымшасына және әлеуметтік қашықтыққа қойылатын талаптар жеңілдетілді

Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді. Ashyq-ты міндетті түрде қолдану, сондай-ақ әртүрлі мекемелерге кіре берісте әлеуметтік қашықтық пен термометрия алынып тасталды.

Тиісті қаулыға өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Гүлжан Байғұтанова қол қойды.

Атап айтқанда, келесі шектеу шаралары жойылды:

- ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию. Бірақ бөлмелерде, қоғамдық көліктерде және т. б. маска режимін сақтау қалады;

- Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану. Бұл ретте «жасыл» аймақта оны ерікті түрде пайдалануға болады;

- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

- үй-жайға кіре берісте міндетті термометрия. Бұл жағдайда кейбір нысандар әлі де температураны өлшей алады. Шешімді иелері қабылдайды;

- COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған қызметкерлер үшін қызмет көрсету саласында күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу;

-COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебенің қолданылу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, облыста әскери бөлімдерден шығар алдында әскерден босатылған мерзімді қызметтегі сарбаздар, серіктес ретінде босануға қатысатын жақындар, стационарға емдеуге жатқызар алдында және гемодиализде жүрген пациенттер, сондай-ақ ҚАЖ мекемелеріне ұзақ кездесулерге келген сотталған адамдардың туыстары үшін теріс нәтижесі бар ПТР не ревакцинация алғаны туралы анықтама не COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы туралы талап алынып тасталды.

Шектеу шараларының әлсіреуі білім беру ұйымдарына да әсер етті. Әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы жойылды. Бұл ретте топтарды немесе сыныптарды біріктіре отырып, көпшілік іс-шараларды өткізуге бұрынғысынша тыйым салынады.

Білім беру объектілерінде күнделікті кіріс сүзгісі мен термометрияны жүргізу міндетті емес. Алайда, Ashyq қосымшасы, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша қолданылуы мүмкін.