
Қарағанды облысының спортшылары бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетті. Боксшылардың қоржынында сегіз жүлде бар.

Жастар арасында тұғырдың жоғарғы сатысына Томирис Мырзақұл мен Камила Бажбенова (Ә. Молдағұлова атындағы ОМОРМИК, жаттықтырушы – Елдос Сайдалин) көтерілді.

Күмісті Ислам Советов жеңіп алды (Ә. Молдағұлова атындағы ОМОРМИК, бапкері – Дархан Дүйсембеков).
Мадияр Тайпақов (бокстан ОРМБСМ, жаттықтырушы Сәбит Құлбаба), Гүлназ Бөрібаева (Балқаш қ., жаттықтырушы – Мирас Оспанов) және Анита Адишева (Жезқазған қ., жаттықтырушы – Айдар Сайдалин) қола медальдарға ие болды.

Жасөспірімдер арасында үшінші екі орынды Алексей Хаванцев (бокс бойынша ОРМСМ, Шахтинск қ., жаттықтырушы – Александр Насибулин) және Айша Сариева (Ә. Молдағұлова атындағы ОМОРМИК, жаттықтырушы – Елдос Сайдалин) иеленді.
Құрлықтық біріншілік Амманда (Иордания) өтті. Жарысқа 21 елден 352 спортшы қатысты.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша