
6 жастан асқан балаларды және биыл 6 жасқа толатындарды бірінші сыныпта оқыту үшін өтінімдер мен құжаттарды қабылдау 1 сәуірден бастап e.bilimal.kz электрондық үкімет порталы арқылы басталады. Ол 1 тамызға дейін жалғасады.
Гимназиялар мен лицейлерде оқу үшін емтихан тапсыру қажет. Олар күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі, олардың мерзімдерін, нысандары мен тапсырмаларын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
"Бірінші сыныптарға балаларды қабылдау білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында жазылған, оларды adilet.zan.kz сайтынан табуға болады", – деп түсіндірді Қарағанды облысының білім басқармасы.