
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының сахнасында 19 наурыз күні сағат 16:00 және 20:00-де «Өнер қырандары» сатира және әзіл театрының «Берекелі мереке 8» қайырымдылық концерті өтеді. Онда «Харекет» қоры төрт пәтердің кілтін табыстауды жоспарлап отыр.
– Билеттерден түскен барлық қаражат «Харекет» қайырымдылық қорына аударылатын болады, ол қаражат тұрмысы төмен адамдарға көмек көрсету және көп балалы, жалғыз басты аналар мен мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсалады. Қор жұмыс істеген 4 жыл ішінде пәтерлер мен үйлер бүкіл Қазақстан бойынша 600-ге жуық отбасына сыйға тартылды. Концертте тағы төрт пәтер беру жоспарланғаны туралы қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Қуанышымызды бөлісіп, кешті көңілді өткізуге шақырамыз, – дейді Қарағанды облысы бойынша «Харекет» ҚҚ директоры Ақтоты Жүнісова.
Билеттерді театр кассаларынан сатып алуға болады. Анықтама телефондары: 8-775-922-18-80, 8-777-732-17-77.