Қарағандылықтарды облыстық экологиялық конференцияға қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды облыстық экологиялық конференцияға қатысуға шақырады

«Экология және балалар – 2022» ғылыми-практикалық конференциясына Қарағанды облысының орта мектеп, гимназия, лицей, қосымша білім беру жүйесінің оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері қатыса алады. Жас экологтардың жасы 6-дан 18 жасқа дейін болуы тиіс.

Конференция аясында балалардың ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы және педагогикалық шеберлік сыныптары байқауының үздік жұмыстарының тұсаукесері өтеді.

Жұмыстар 15 наурыздан 18 сәуірге дейін қабылданады. Нәтижелерді жариялау – 25 сәуір.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар жобаларын көзбе-көз қорғауға шақырылады. Өткізу күні мен орны қосымша хабарланады.

Жеңімпаздарға сыйлықтар, қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын қолдау мақсатында іс-шараны Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырады.

Қосымша ақпаратты +7-705-759-99-09 (Ирина Игнатович), +7-700-469-74-82 (Светлана Былинская), +7-701-736-59-37 (Мария Тюрющева) телефондары немесе е-mail: ecoobraz.krg@gmail.com арқылы алуға болады.