
"Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығы Наурыз мерекесіне орай "Өнегелі отбасы — мемлекет тұғыры" байқауын өткізеді.

Ол төрт кезеңнен тұрады:
1-ші — отбасымен танысу (қатысушылар өз отбасыларын таныстырады);
2-ші — отбасылық өнер (бұл ән айту, би билеу немесе өлең оқу, қолөнер және т. б. болуы мүмкін);
3-ші — викторина (сұрақтар ұлттық дәстүрлер туралы болады);
4-ші — ұлттық дәстүрлерді көрсету (мұнда әр отбасы бесікке салу, беташар, тұсау кесу, қыз ұзату сияқты бір дәстүрді таңдайды).
— Байқаудың міндетті шарты — командаеың атауы, ұраны және көшбасшысы болуы тиіс. Сондай-ақ, киім үшін де ұпайлар болатынын атап өткім келеді. Көп балалы отбасыларды біздің байқауға қатысуға шақырамыз. Шара 21 наурызда өтеді. 17 наурызға дейін тіркелу керек. Ол үшін 8-701-464-96-76 (Айша Сүлейменова) нөміріне қоңырау шалыңыз. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады, — дейді орталық жетекшісі Ләззат Қожахметова.