
Nura Arnasy тобының еріктілері Нұра кентінің тұрғындарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға 101 раушан гүлін сыйлады. Акцияны 16 жасар Абай Тиыштық бастады.

Бірнеше айдан бері оқушы еріктілер тобында болып, бірлестіктің барлық іс-шараларына қатысады.

– Мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 10-сыныбында оқимын. Волонтерлікпен ата-анамнан үлгі алып айналыса бастадым. Олар әрқашан айналасындағыларға көмектесуге тырысады. Әкем мен анама қарап, мен де басқаларға пайда әкеліп, көмектескім келді. Осылайша мен Nura Arnasy тобына кірдім, – дейді Абай. – Бірнеше ай ішінде біз шынымен де көп жұмыс атқардық: қарттардың аулаларын қардан тазарттық, азық-түлік жиынтықтарын тараттық, мұқтаж адамдарға көмектестік. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан орталығында тұратын әйелдер қауымын құттықтап, бір қуантқымыз келді.

Раушан гүлдерін еріктілерге демеуші – жергілікті тұрғын Рауза Жұмабекова ұсынды.

– Біз сұлу ханымдарға мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлағымыз келді. Ол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Сондай-ақ, біз әжелер тұратын 10 үйге бардық. Оларға торттар мен гүлдер ұсынылды, қариялармен әңгімелестік. Олар біздің келгенімізге қатты қуанды. Назар аударғанымыз үшін шын жүректен алғыс айтты. Бұл біз үшін ең үлкен марапат, – деп атап өтті Nura Arnasy еріктілер тобының жетекшісі Талғат Шолтаев.
