
Ашихара-каратеден (AIKO AIF) өткен халықаралық біріншілікте Қарағанды облысының Ashihara Karate Федерациясының бес жауынгері көзге түсті. Спортшылардың қоржынында төрт алтын және бір күміс бар.

Әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтті. Оған 18 елден мыңнан астам каратэші қатысты.

Тұғырдың бірінші сатысына көтерілген қарағандылықтар:
- Евангелина Молодушкина, Шәкәрім атындағы гимназияның 3-сынып оқушысы;
- Дина Исабекова, Шәкәрім атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы;
- Анар Исабекова, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушысы;
- Айдын Самбаев, Қарағанды техникалық университетінің студенті.
КТУ-дың тағы бір оқушысы Арман Райымбеков күміс жүлдені жеңіп алды.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 19 алтын, 14 күміс және 9 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия, үшінші орынды Литва, төртінші орынды Әзірбайжан елдері иеленді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша