Қарағанды облысының ТЖ департаментіне жауынгерлік ту табыс етілді

Қарағанды облысының ТЖ департаментіне жауынгерлік ту табыс етілді

Қарағанды ТЖД-не Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі полковник Ибрагим Күлшімбаев Жауынгерлік Туды табыс етті.

— ТЖ департаментінің туы — абырой, ерлік пен даңқтың символы. Және ол тек бейбіт уақытта, мерекелік іс-шараларда және ведомство өміріндегі ерекше маңызды оқиғаларда ашылсын! — деді Ибрагим Күлшімбаев.

Жеке жауынгерлік ту – бұл әрбір Төтенше жағдайлар департаментінің белгісі. Бұрын департаменттер ІІМ-ге қараған кезде олардың басқа туы болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қайта ұйымдастырылуымен және қайта құрылуымен ведомстволық бағынысты департаменттер өздерінің жауынгерлік туларын жаңартты.

— Ерекше қастерлі және қорғалатын нышан бола отырып, ту департаменттің үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға ықпал ететін болады. Жеке құрам алдағы уақытта да оның алдында тұрған барлық міндеттерді жоғары деңгейде орындайтын болады, — деп сендірді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Сондай-ақ, Ибрагим Күлшімбаев департаменттің нәзік жанды өкілдерін алдағы мерекемен құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен бес қызметкерге ТЖ Министрінің атынан алғыс хаттар, үш қызметкерге грамоталар табыс етті. Екі әйелге алғыс жарияланды және бір әйелге мерзімінен бұрын арнайы атақ берілді.

Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша