Қарағандылық семсерлесушілер Азия чемпионатында үздік атанды

Қарағандылық семсерлесушілер Азия чемпионатында үздік атанды

Ташкентте өткен семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қарағандылық Жасмин Қапыжы мен Алан Тілеуленов жақсы өнер көрсеттті. Халықаралық біріншілікте 25-тен астам елден 400-ден артық спортшы сынға түсті.

Семсерлесуден жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қыздар командасы бірінші орынға ие болды. Оның құрамына кіретін Жасмин Капыжы Азия біріншілігінің жеңімпазы болып қана қоймай, чемпионат қорытындысы бойынша ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Спортшы Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады.

Облыстық «Жалын» спорт мектебінің өкілі Алан Тілеуленов Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында командалық есепте қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұл жарыстар рейтингілік және чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар халықаралық семсерлесу Федерациясының топ құрамында қажетті ұпайларға ие болады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша