
Төртінші наурызда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Приозёрск және Балқаш қалаларына барады. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Приозёрск қаласындағы "Достық" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Жеңіс Қасымбек халықпен сағат 10:00-де және азаматтарды жеке қабылдауды 12:00-де өткізеді.
Балқаштықтарды жеке қабылдау М. Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайында 14:30-да, кездесу 15:30-да болады.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы қалдыра аласыз:
- Приозёрск – (8-71039) 5-30-06. Электрондық пошта: prio_akimat@krg.gov.kz;
- Балқаш – (8-71036) 4-19-35, 4-42-61, 4-26-48. Электрондық пошта: inform_kont@krg.gov.kz.