
Халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіру, хабардарлықты жақсарту және кері байланыс орнату мақсатында жедел көмек көрсету үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-да чат-ботты іске қосты. @SalyqBot сандық салық кеңесшісі қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Чат-бот пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде беруге, көлік құралдарына салынатын салықты және өсімпұлды өз бетінше есептеуге мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді және салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді. Өзекті тақырыптар мен сұрақтар бойынша пайдаланушы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтарды қарай алады.
Цифрлық консультант МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленді. Бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға тез арада жауап алуға мүмкіндік береді.
Жауаптың қанағаттану деңгейін бағалауға, сондай-ақ сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш немесе тілек жазуға мүмкіндік бар.
Биылғы жылы @SalyqBot дамыту жұмыстары жалғасады. Салық төлеушілер, мысалы, салық есептілігін ұсыну мерзімін, салық төлеу мерзімін, банктік шоттарды бұғаттау (тыйым салу) туралы және басқа да маңызды ақпаратты қалай жіберіп алмау керектігін біледі.