
"Алтын ғасыр" галереясы 4 наурызда ҚР Суретшілер одағының мүшелері Фаргат пен Фания Исламовтардың "Көктем тынысы" көрмесіне шақырады. Вернисаждың басталуы сағат 16:00-де.

Экспозицияда маймен жазылған 50-ге жуық жұмыс ұсынылады. Авторлардың айтуынша, бұл атау жаңа өмірді, жақсылыққа деген үмітті білдіреді.
Фаргат Исламов өз картиналарында көбінесе тарихқа жүгінеді, бірақ жеке адамдар немесе мемлекет емес, жалпы адамзат тарихына. Ол адам психологиясының негізін құрайтын негізгі идеяларды түсінуге және түсіндіруге тырысады. Оның шығармаларындағы негізгі көркемдік әдіс – метафора.

Фания Исламова символдық-аллегориялық суреттер жасайды. Олар қиял ойындарына толы. Іс жүзінде ешқандай әрекет жоқ, суретші оқиғалар жазбайды. Кенептерде тек сезімдер, бейнелер мен түйсіктер.

Бүгінде Фания Исламованың жұмыстары Қазақстан, Кипр және Түркия мұражайларын безендіреді. Олардың көпшілігі Англия, Франция, Германия, АҚШ және басқа елдердегі жеке коллекцияларда.

Экспозиция 31 наурызға дейін жалғасады.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 18: 00-ге дейін.