Ақпарат

Ақпарат

Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму жөніндегі орынбасары Абзал Нүкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Абзал Нүкенов мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Әр жылдары Алматы ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы, одан кейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінде Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму жөніндегі орынбасары болды.