
Қыста гүл оазисінде болу үшін Қарағандыдан жылы жерлерге барудың қажеті жоқ. Узенка ауданында орналасқан жылыжайлар жыл бойы жұмыс істейді. Қазір мұнда гүлдердің жаңа партиясы 8 наурызға дайындалуда. Бұл тек қызғалдақтар ғана емес. Жергілікті флористер альстроэмерияны өсіруді үйренді, оны Перу лалагүлі деп те атайды.

Ақбердиевтердің отбасылық кәсіпорны 20 жылдай жұмыс істеп келеді. Олардың жылыжайы 35 сотық аумақты алыр жатыр. Бас флорист Рамис бала кезінен гүл өсіруді жақсы көретінін айтады. Мектеп бітіргеннен кейін ол заңгер мамандығы бойынша білім алған, бірақ сүйікті ісін тастамаған.

– Альстромерия – өте әдемі гүл. Оны алғаш көрген кезде, өзім өсірсем деген ықылас пайда болды. Түйіндерін Голландиядан тапсырыс бердік. Бәрі ойдағыдай болды, екінші жыл жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Рамис Ақбердиев. – Әрине, қиындықтар бар. Күндіз-түні белгілі бір температураны ұстап тұру керек – 14–16 градус жылу деңгейінде. Көп күн түспеуін қадағалап, қажет болған кезде көлеңкелету керек. Егер өте ыстық болса, бүршіктер қурай бастайды. Суды да мөлшерден тыс құюға болмайды. Тамшылатып суару керек.

Альстромерия нәзік гүл. Оның өсетін жері – Оңтүстік Америка, сондықтан тропиктің табиғатына жақын жағдайларды қамтамасыз ету керек. Біздің климатта гүл бизнесі қымбат. Жылыжай иелерінің айтуынша, қыста жылыту үшін шамамен 300 тонна көмір сақтауға тура келеді.

Жақсы күтіммен бірнеше сантиметрлік көшеттерден өсімдік бір жарым метр биіктікке жетеді. Түстер кез-келген талғамға арналған. Ақ, қызғылт, қызғылт сары, өрік түстес, қызыл, түрлі-түсті.

Қыста гүлдер бірнеше рет кесіледі. Жергілікті Перу лалагүлінің келесі партиясы 8 наурызға дейін саудаға түседі.

Альстромерия бұталарының жанында раушан өседі. Гүлдің түсі қанығады.

Көршілес жылыжай қызғалдақтар мен нарцисстерге арналған. Голландиялық қызғалдақтар да алуан түрлі – шамамен 20 түрі, түрлі-түсті, шашақтылары да бар.

– Биыл шамалы қара түстілері болады. Біз олардың тұқымын сынап көрейік деп алдық. Не болатынын көре жатармыз, – дейді Рамис Ақбердиев.

Көп ұзамай бұл түрлі-түсті гүлдер қыздар мен әйелдерге арналған сыйлықтарға қоса сыйға тартатын гүл шоқтарына айналады. Отбасылық жылыжайдан гүлдер тек Қарағандының ғана емес, елорданың да дүкендеріне жол тартады.

Жазда отбасылық бизнес көкөністерге қайта бағытталады. Жылыжайларда қызанақ өсіріледі.
Кәсіпкерлер ісін кеңейтуді ойластыруда. Бірақ ол үшін қала билігінен қосымша жер телімін беруді өтіну қажет.