Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты

Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты

Халықаралық Кітап сыйлау күні Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы 27 жаңа баспа өнімдерімен толықты. Қазіргі уақытта оның қоры 138 628 дананы құрайды, оның ішінде 32 196 кітап мемлекеттік тілде.

– Сыйға тартылғандардың ішінде "Сарыжайлау" кинотеатрынан табыс етілген мемлекет қайраткері Қазыбек Келдібекұлының өміріне арналған "Ғасырлар даналығы – бабалар мұрасында" кітап-фотоальбомын, BAURZHAN foundation жеке қорынан Қазақстанның жас суретшілерінің "Тарихым – бүгінім, ертеңім!" иллюстрациялар жинағы мен Елена Клепикованың қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген "Жетісудың ертегілері" атты кітабын ерекше атап өткіміз келеді, – дейді кітапхананың инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Сәуле Жүсіпова. 

– Ал біз Абай атындағы мектеп-гимназияның кітапханасына, тұрақты оқырмандарға 20 кітап және бірнеше дана журнал сыйладық.

Өткен жылы кітапханаға бар-жоғы 3 161 кітап келіп түсті, оның ішінде қазақ тілінде – 1 632.