
2 наурызда Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында "Қызықты ғылым. Неліктен?" экспозициясы ашылады. Экспонаттарда "Қолмен ұстауға болмайды!" деген тыйым салатын жазулар болмайды, керісінше – "Алыңыз және жасаңыз!" деген жазба болады.
Тіпті ең кішкентай келушілердің өзі көптеген құрылғылардың көмегімен физика мен математика заңдарын дәлелдей алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме төрт жастан бастап балаларға қызықты болады.
Барлық экспонаттар қол жетімді, оларға қол тигізуге, барлық жағынан қарауға, құрылғыны түсінуге, құрылымды көруге және олармен мағыналы жұмыс істеуге болады.
Құрылғылар келесі бөлімдерге орналастырылады: "Физика" ғылымы, табиғаттағы күштер, ойындар мен жұмбақтар, молекулалық физика, оптика, Адам анатомиясы және физиологиясы, геометрия, магнетизм.
Көрме 13 сәуірге дейін жалғасады.
Анықтама телефондары: +7-747-185-58-02, (8-7213) 93-19-05.