
Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 26 ақпанда жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады. Өтетін орны – «Таир-4» сауда үйі.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген адамдар, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарының жұмыссыз түлектері, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, алимент бойынша берешегі бар азаматтар қатыса алады.
Жәрмеңкені өткізу уақыты – 10:00-ден 13:00-ге дейін.
Байланыс телефондары: (8-7212) 99-63-97, 99-63-93, +7-775-644-35-80 (WhatsApp).