Қарағандылықтарды тегін ағылшын тілі курстарына шақырады

Қарағандылықтарды тегін ағылшын тілі курстарына шақырады

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қарағанды қаласының тұрғындары үшін тегін ағылшын тілі курстарын өткізеді. Топтар наурыздан қазанға дейін құрылатын болады.

Сабаққа 18 жастан жоғары қарағандылықтар жазыла алады.

Курстың ұзақтығы – 72 сағат.

Соңында емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі.

Сабақтар офлайн да, онлайн-режимде де өтеді.

Орындар шектеулі.

Жазылу телефоны: (8-7212) 50-65-59.