
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 1 наурыздан бастап өтінімдерді қабылдайтыны туралы хабарлайды. ЖЕЖ қатарына Қарағанды облысының 14 жастан 28 жасқа дейінгі (қоса алғанда) тұрғындары шақырылады. Биыл 1 975 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Еңбек жасақтарының жауынгерлері елді мекендерді көгалдандырумен және абаттандырумен айналысатын болады.
Бес күндік жұмыс аптасында айына толық сағат жұмыс істеген кезде жауынгердің жалақысы 14 жастан 16 жасқа дейін (күніне 4 сағат) 60 мың теңгені, 16 және одан жоғары (күніне 6 сағат) 90 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, әрбір жауынгерге фирмалық киім (спорттық костюм, футболка, қалпақ, рюкзак) беріледі.
Біздің облыста «Жасыл ел» еңбек жасақтары 1 маусымнан 31 тамызға дейін жұмыс істейді.
Еңбек маусымына қатысу үшін 1-31 наурыз аралығында қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтарына барып, тіркеу нысанын толтырып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Егер кәмелетке толмаған болса, ата-анасының немесе заңды қамқоршылардың жазбаша рұқсаты қажет.
2. Студенттерге арналған оқу орнынан анықтама.
3. Терапевтпен эпидорталығы туралы анықтама. Оны тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады.
4. Жеке банктік шотының болуы туралы анықтама.
5. Әлеуметтік осал санатқа жатқызылатын мәртебесін растайтын құжат (бар болса).
Толық ақпарат, Жастар ресурстық орталықтарының мекен-жайлары мен байланыстары «Жастарды жұмысқа орналастыру» қосымша бетінде сілтеме бойынша: https://t.me/JASPROKRG_Bot.