Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады

Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады

«Қазпошта» АҚ клиенттері еліміздегі барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.

Жаңа қызметті пайдалану үшін:

-  eGov mobile мобильдікқосымшасында авторизациядан өту;

- «Қызметтер» бөліміндегі «Цифрлық құжаттарды таңдау»;

-  Қажет құжатты таңдаңыз;

-  Құжатқа «Қол жеткізуді ашу» түймесін басу;

- «Казпошта»АҚ операторына алты таңбалы қысқа кодты хабарлау қажет.

Операторлар өздерінің деректер базасына бірегей қысқа кодты және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.

 Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.

Айте кету керек, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішіндегі ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.

Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ, Beeline бөлімшелерінде, сондай-ақ ЕДБ мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша