"Болашақ таланттар": Қарағанды концерттік бірлестігінің солистері балаларға вокал негіздерін үйретті

"Болашақ таланттар": Қарағанды концерттік бірлестігінің солистері балаларға вокал негіздерін үйретті

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері жас әншілерді әншілік тыныс алу және дауыс қою техникасымен, ән айтудың жалпы ережелерімен және эстрадалық вокалдың негіздерімен таныстырды. Қарағандылық балалар эстрадалық ән үйірмелерінің тәрбиеленушілері үшін филармонияда шеберлік сабақтарынан өтті.

Сондай-ақ, жас вокалистер үшін эстрадалық ансамбльдер мен джаз оркестрінің репетициялық студияларына экскурсия ұйымдастырылды.

"Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің әртістері қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы айтып, оларда ойнауды ұсынды және шағын концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

Өзінің вокалдық шеберлігін джаз оркестрінің солисті Ксения Николаева да көрсетті.

Кездесудің әрбір қатысушысы шеберлік сабақтан өткені туралы сертификат алды.

"Балалар өздеріне кәсіби әртістер ұсынған барлық нәрсені үлкен қызығушылықпен қабылдады. Балалардың үлкен музыкалық ұжымның жұмыс атмосферасына енуі олардың шығармашылық дамуына жағымды әсер етеді", – деп атап өтті Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікте.