Қазақстан Мысырға әуе рейстерін жаңартуда

Қазақстан Мысырға әуе рейстерін жаңартуда

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе қатынасының қайта басталғанын хабарлады.

Наурыз айының басынан қазақстандық Air Astana, Fly Arystan және SCAT авиакомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанайдан Шарм-эль-Шейхке ұшуды бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалатын болады.