Бұқар Жырау ауданында биыл ДСК және он екі футбол алаңы ашылуы керек

Бұқар Жырау ауданында биыл ДСК және он екі футбол алаңы ашылуы керек

Бұқар Жырау ауданында биыл "'Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша Ботақара кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және 12 футбол алаңы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда заманауи ДСК салу жұмыстары басталады.

Бұқар Жырау ауданының әкімі Сержан Аймақов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте бұқаралық спортты дамыту, өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен қазіргі уақыттағы жоспарлары туралы айтып берді.

– Ауданда спорт және дене шынықтырумен қамту 32,8% құрайды. Өткен жылы Үміткер, Самарқанд, Қызылқайың, Тоғызқұдық, Қызылжар, Жаңаөзен, Белағаш, Ақбел ауылдарында түрлі спорт секцияларын аштық. Құрылыс пен Ақбелде екі көпфункционалды корт, Тоғызқұдықта футбол алаңы, ал Петровкада – Street Workout алаңы пайда болды, – деп хабарлады Сержан Аймақов. – Биыл Ботақарада дене шынықтыру-сауықтыру кешеніннің құрылысы аяқталады, ал Ғабиден Мұстафинде дәл осындай нысанның құрылысы асталады. Одан басқа, биыл біз ауылдарда 12 шағын футбол алаңын, сондай-ақ Көкпекті ауылында Street Workout алаңын және Қарақұдықта баскетбол-волейбол алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Спорттық инфрақұрылымды құру шығындары үш есе артады.

Сондай-ақ, өткен жылы аудан шалғайдағы ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пунктін сатып алды. Биыл Қызылжар мен Қарақұдық қалаларында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады.

Аудан басшысы негізгі проблема сапалы ауыз судың жетіспеушілігі болып отырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда оған 51 елді мекеннің тұрғындары немесе 92,7% қол жеткізе алады.

– Өткен жылдан бастап ауданның он елді мекенінде: Ботақара, Қушоқы кенттерінде, Жаңаталап, Самарқанд, Асыл, Қызылжар, Сартөбе, Доскей, Семізбұға, Суықсу ауылдарында желілердің құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды пайдалануға беру осы жылы 97,7 халықты орталықтандырылған сумен қамтумен жоспарланып отыр, – деді Сержан Аймақов. – Ауыл тұтынушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Бес жыл ішінде біз ауданның ауылдарын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз керек.