Қарағандылықтар назарына махаббатқа деген шығармашылық көзқарастың экспозиция-коллаборациясы ұсынылады

Қарағандылықтар назарына махаббатқа деген шығармашылық көзқарастың экспозиция-коллаборациясы ұсынылады

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында 25 ақпан сағат 16:00-де «Сүю өнері» көрмесінің ашылуы өтеді. Қарағанды, Нұр - Сұлтан және Алматы қалаларының он қатысушысы кескіндеме және графика, фото және видео, керамика және инсталляция бағыттары бойынша өз жұмыстарын ұсынады.

Қарағандыда осындай экспозиция алғаш рет өтуде. Бір серіктестікте суретші, график, керамик, сәулетші, фотограф, бейнеограф және зергер жиналуының өзі бір ерекше. Олардың есімдері: Константин Павленко, Любовь Гуменюк, Алексей Уинтер, Александр Крикешев, Лариса Карчевская, Вера Капинус, Айнаш Капанова, Евгения Казакова, Гульнара Урисбаева, Илья Казаков.

Эксперимент көрерменге таныс және түсінікті сезімді басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Көрме 8 наурызға дейін жалғасады.