Қарағандылықтарды вокалдық байқауға қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды вокалдық байқауға қатысуға шақырады

Қарағанды облысында 9—10 наурызда Мәдениет үйінің сахнасында Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған вокалдық байқау өтеді. Оған өңір тұрғындары екі жас санатында — 18-ден 35 жасқа дейін және 36-дан 50 жасқа дейін қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер 1 наурызға дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау, 32 мекен-жайы бойынша демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығында немесе электрондық пошта арқылы қабылданады: karonmc@mail.ru.

Бірінші турда Роза Бағланованың репертуарынан туынды, екінші турда – қазақ халық әнін орындау көзделген.

Әндер фонограмма (-1), баян, домбыра, гитараның сүйемелдеуімен орындалады.

Әр өңірден екі жас санатында бір-бір орындаушы қатыса алады.

Қазылар алқасы орындаушылық шеберлікті, сахналық костюмдер мен әртістілікті бағалайды.

Жеңімпаздарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ орын беріле отырып, дипломдар табыс етіледі. Анықтама телефондары: 42-50-95, 42-50-33.