Приозёрск және Балқаш тұрғындарының назарына!

Приозёрск және Балқаш тұрғындарының назарына!

Осы жылдың наурыз айында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Приозёрск және Балқаш қалаларына барады. Жұмыс сапарлары кезінде аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Кездесу орны, күні және уақыты Қарағанды облысы әкімдігінің Instagram – @akimat09, Facebook – Сарыарқа, сайт – gov.kz/memleke аккаунттарында көрсетіледі.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады:

- Приозёрск – (8-71039) 5-30-06. Электрондық пошта: prio_akimat@krg.gov.kz;

- Балқаш – (8-71036) 4-19-35, 4-42-61, 4-26-48. Электрондық пошта: inform_kont@krg.gov.kz.