
Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender жасөспірімдер турнирінде жеңіске жетті. Ол 15 жасқа дейінгі жас санатында үздік атанды.
Ең жоғары марапат үшін күресте Алан жеті қарсыласын жеңді.
Қарағандылық теннисші Антон Дерлюкті (Украина) 3:0, Рарес Куэсдинді (Румыния) 3:1, Рафаэль Кабрераны (Доминикан республикасы) 3:0, Ли Чонмокты (Корея) 3:1, Рафаль Формеланы (Польша) 3:1, Натан Лам (Франция) 3:0, Флавиен Котонды (Франция) 3:1 ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Спортшыны Эльмира Әлиева жаттықтырады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша