
Израильде дзюдодан Grand Slam сериясының халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан командасы үш медаль иеленді.

73 келіге дейінгі салмақта қарағандылық Жансай Смағұлов үшінші орын үшін айқаста неміс Игорь Вандткеден басым түсті. Қарсылас қазақстандыққа автоматты түрде жеңіс әкелген үш ескерту алды.
Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің өкілдері де жетістікке жетті. Мағжан Шамшадин тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Финалда украиналық Артем Лесюктен жеңіліп, Бауыржан Нарбаев күміс медальға ие болды.

Турнир қазақстандық дзюдошылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы ірі жарыс болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша