
«Сарыарқаның жаңа есімдері» атты әуесқой сазгерлердің облыстық онлайн-байқауы 10 наурызға дейін өткізіледі. Оған әуесқой композиторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға жас шектеулері жоқ. Қорытынды шығару және марапаттау рәсімі 18 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.

Жеңімпаздарға әр номинация бойынша Гран-при, І, ІІ, ІІІ орын беріле отырып, дипломдар мен ақшалай сыйақылар табысталады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- еркін тақырыптағы ән;
- балаларға арналған ән;
- Отан туралы ән (патриоттық ән).
Байқауға қатысу үшін Бір әннің бейнежазбасын Instagram-дағы жеке парақшасында шығарманың атауы мен авторын көрсете отырып жариялау қажет. Және міндетті түрде жарияланымды #композиторысарыарки хештегімен белгілеу керек.
Өтінім бланкісін орталықтың https://onmcdint.kz/ сайтынан немесе @onmcdint парақшасындағы профиль басында бекітілген сілтеме бойынша жүктеуге болады. Өтінімдерді nissaryarki@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек. Сондай-ақ, ноталар мен өлеңнің сөздерін қосу керек.