Оқуға ақшаны қалай жинауға болады

Оқуға ақшаны қалай жинауға болады

ЖОО-да оқуға ақшаны қалай жинақтауға болады және қаржы құралын жинау мүмкіндігі болмаса не істеу керек?Бұл сұрақтарға Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының менеджерлері жауап берді.

Сіз балалардың оқуына AQYL депозитінің көмегімен ақша жинай аласыз. Бүгінгі таңда ол мемлекет тарапынан жыл сайынғы ақшалай ынталандыру есебінен ең тиімді қаржы құралдарының бірі болып табылады. Жинақталған сомаға банктің пайыздары және жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы 5-тен 7%-ға дейін есептеледі.

– Мүгедек балаларға, жетімдерге және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға жылдық 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы есептеледі. 5% – Қазақстан халқының қалған санаттары үшін, – деп хабарлады "Қаржы орталығы" АҚ менеджері Әйгерім Асанова. – Егер жинақтау кезінде бала грантқа түссе, салымды басқа балаларға қалдыруға, "сыйлауға" немесе шешіп алуға болады. Бұл депозит бұғаттаудан заңды түрде қорғалған және 10 миллион теңгеге дейінгі сомаға сақтандырылған.

AQYL депозитін Halyk bank, Jýsan Bank, Нұрбанк және ВТБ Банкі сияқты төрт банкте ашуға болады. Ол үшін 3 АЕК мөлшеріндегі бастапқы жарна, жеке куәлік немесе баланың туу туралы куәлігі қажет.

Сондай-ақ, "Қаржы орталығы" АҚ студенттерге негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзарта отырып, кепілсіз несиелер беруге дайын. Оларды Нұрбанк арқылы рәсімдеуге болады.

– Несие алу үшін студенттің орташа есеп балы ескеріледі. Және ол қосалқы қарыз алушыларды тарта алады. Олар соңғы алты айда тұрақты зейнетақы жарналары бар ата-аналар бола алады. Оқу барысында ол несие бойынша пайыздарды өтей алады, ал жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оған бірінші төлемді жарты жылға шегеру мүмкіндігі беріледі. Несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, айыппұл санкцияларын алмай, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен, – деп қосты Айгерім Асанова.