Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы

Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұрлан Рыстин тағайындалды.

Рыстин Нұрлан Болатұлы 1983 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2008 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2004-2006 жылдары Қарағанды облысының ішкі саясат департаментінде маман, жетекші маман, бас маман болды. 2006-2008 жылдары облыс әкімдігінің аппаратында бас маман-ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің инспекторы болып жұмыс істеген. 2008-2010 жылдары Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды. 2010-2011 жылдары облыс әкімдігінің аппараты әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. 2011 жылдан бастап күні бүгінге дейін Шахтинск қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі